ЖаңалықтарШоу бизнес

Кәмшат Жолдыбаева  кинодан неге көрінбей жүргенін түсіндірді

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желідегі оқырман сауалдарына жауап беріп, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты пікірін білдірді, деп жазады qandastar.kz

Оқырмандардың бірі Кәмшаттан күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұрады. «Сіз күйеуіңізбен «Рауза» телехикаясының түсірілім алаңында таныстыңыз ба?» – деген сұраққа ол:

«Иә, біз алғаш «Рауза» телехикаясында таныстық. Бұл таныстық өміріміздегі жаңа кезеңнің бастамасы болды», – деп жауап берді.

Сондай-ақ, актриса соңғы уақытта неліктен кино саласында белсенді көрінбей жүргеніне де тоқталды.

«Шақыртулар бар, Аллаға шүкір. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өзіндік себептері бар. Әрине, киноны сағындым. Мүмкін, ол да мені сағынған болар. Бір күні бәрібір қайта жолығамыз», – деп жазды Кәмшат Жолдыбаева.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button