
Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай танымал өнер жұлдыздарының да жоспарын бұзды.
Белгілі әншілер жұбы Жанболат пен Жазира Байырбекова Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа барып, өңірдегі ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанға қайта алмай отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ерлі-зайыптының қасында кішкентай қыздары да бар.
Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жағдайға алаңдаушылық білдірді.
«Даратайыма салюттар атылып жатыр мереке қарсаңында» деп алдап қоямын. Көзбен көріп, құлақпен естіген қалай қорқынышты» — деп жазба қалдырды әнші.



