Әлеумет және қоғамТіркеуге тұру
Қандастар «қаңғып» жүрсе, сіз қалай қамсыз жүресіз
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған «Отан оттан да ыстық» жобасы аясында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылына бардық. Мақсат – Үңгіртас ауылына он күн бұрын ШҚО-дан қоныс аударған Қытайдан келген Берзат Жұмағазы есімді азаматтың отбасылық қиыншылықтары хақында болды. Отбасылы дегенде әлеуметтік мәселесі өз алдына, құжаттық қиыншылықтарының өзі шешімін табу қиын. Бүкіл бір отбасында «дені дұрыс» бірде-бір құжат қалмапты. Кейбірін жоғалтып алса, барының уақыты өтіп кетк
«Бірақ кейіннен менің тіркеуім базадан анықталмады. Бірінші баламның туу туралы куәлігін жасатарда нағашыларым тұрақты тіркеу жөніндегі анықтаманы жіберіп берді. Бірақ мен олардың оны қалай алғанын білмеймін. Кейін екінші-үшінші балам дүниеге келгенде менің тұрақты тіркеуім ешқандай жерден шықпады. Бұл жерде негізгі кінә қалалық көші-қон басқармасында деп ойлаймын. Себебі мен тіркеу анықтамасын бір рет алып барғанда тіркеуі керек қой. Кейіннен мен оларға тұрақты тіркеуге тұру үшін үш рет құжат тапсырдым. Бірақ олар ешқайда тіркемеді. Ең соңғы рет олар маған айтқанда базада барсыз, «запрос» жібердік деді. Ол кезде 2017 жылдың наурыз айында паспортымның мерзімі бітпеген. Мен оның алдында ықтияр хатымды жоғалтып алдым. Сосын мен көші-қон полициясына бардым. Ол жердегілер маған Ақсуат ауылына барыңыз деді. Ақсуат ауылындағылар маған сіз кінәлі емессіз Өскемен қаласындағылар бізге запрос жіберуі керек деді. Содан мен Өскемен қаласына қайтып келіп, көші-қон полициясына барып, айттым: «сіздер Ақсуатқа запорс жіберулеріңіз керек екен» дедім. Олар «міне жіберіп қойдым» деп жауап берді. Кейіннен сәуір айында ЦОН-ға барып анықтама алайын десем, менің базада тіркеуім тағы жоқ. Менде ИИН барлығы бар… Қытайдан келгендегі құжаттарымның барлығының уақыты ауыл мен көші-қон полициясының арасында шапқылап жүргенде өтіп кетті. Тіркеу болмаған жағдайда балалардың құжаттарын жасату мүмкін емес. Мен тек бірінші баламның туу туралы куәлігін ғана жасата алдым. Қалған екеуінде метіркесінен басқа ешқандай құжат жоқ. Жасатайын десем маған тіркеуіңізді алып келіңіз дейді. Ал менде ол жоқ. Қазір балаларым медициналық көмектер алып жатқан жоқ. Себебі тұрақты тіркеуің болмаса ешқандай аурухана балаларды қабылдамайды…Осы жердің көші-қон полициясының өкілдері әзірге әлі келген жоқ» – деді.
Берзат пен Розаның Үңгіртасқа көшіп келуіне тікелей себепкер болған «Қайырымды қандастар» бірлестігінің басшысы – Бахаргүл Табысқызы болған жәйді толықтырды. Бахаргүлдің айтуынша Өскеменде құжатсыз, үйсіз-күйсіз қалған екі жас отбасы туралы әлеуметтік желіден естіп, көшіріп алдырыпты. Кейіннен Қытай коньсулдығына құжаттарын өткізген. Олар құжаттарын дайындаған, бірақ бермей отыр. Себебі – ҚР азаматтығын алмаған Берзат пен Роза әлі де болса Қытай азаматы. «Біз оларды елге қайтаруымыз керек» – деген уәж айтқан коньсул қызметкерлері. Ал, Берзат пен Роза Қытай асса алдарында «саяси лагерь» күтіп тұр. 3 пен 5 жас аралығындағы үш бірдей құжатсыз баласы далада қалады. Қытайға шықпаса мәселе шешілмейді. Балалары ата-анасыз қалады.
«Адырна» бірлестігінен құқықтық көмек сұраған отбасының мәселесін Үңгіртас ауылдық окургінің әкімшілігіне хабарладық. Әкім орынбасарымын деп таныстырған Ержан Дәуренбаев аталған отбасыға қолдан келген көмегін аямайтындықтарын айтып, уәдені үйіп-төкті. Сондай-ақ, бұған дейін емхана есігін ашпаған балаларға екпелерін салғызып, денсаулықтарын тексеруден өткізетіндіктерін жеткізді. Оқу жасына толған Зере Берзаттың мектепке баруына да мүмкіндік жасаймыз деп отыр. Ал, біз құжаттарының заңды түрде қалпына келуіне және әкімшіліктің берген уәдесін қоғамдық ұйым ретінде қадағалайтын боламыз. Елім деп келген қандастар осылайша үйсіз-күйсіз «қаңғып» жүрсе, біз қалай қамсыз жүреміз ағайын?
Құрметолла МҰХАМЕТХАНҰЛЫ