Жаңалықтар
Қандастарға құқықтық көмек көрсететін – «Отан оттан да ыстық» жобасы қайта қолға алынды
Қандастарға құқықтық көмек көрсететін – «Отан оттан да ыстық» жобасы қайта қолға алынды
Шеттен келген этникалық қандастарға құқықтық көмек көрсететін – «Отан оттан да ыстық» жобасы жалғасын таппақ. Алматы қаласы, Қоғамдық даму басқармасы бұл жобаны биыл да «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігіне сеніп тапсырып отыр. Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде аталған жобаның кезекті бағыт-бағдары жайлы, атқарылатын іс-шаралар легі талқыланып, маусымдық жоспары түзілді. Сондай-ақ, дайындық курсты тәмамдайтын жастарға аталмыш жобаның тиімділігі, оқу курстарының (Тілдік, құқықтық және бизнес курстары) маңыздылығы түсіндірілді. Жиын барысында қандас жастар да өз ұсыныстарын ортаға салып, ойларымен бөлісті.