Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті қалаға 5 млрд теңге табыс әкелді

Канье Уэсттің Алматыда өткен концерті қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге кіріс әкелген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әлемдік тур аясындағы шоуға 31 мыңға жуық көрермен жиналды.

Алматы туризм басқармасының мәліметінше, концертке байланысты қалаға 50-ден астам елден шамамен 7 700 турист келген. Олардың 2 мыңға жуығы Алматыға дәл осы концерт үшін арнайы келген шетелдік қонақтар.

Музыкалық шара қаладағы қонақүй бизнесіне де айтарлықтай әсер еткен. 13–16 тамыз аралығында қонақүйлердің орташа жүктемесі 98 пайызға жетті.

Осылайша, бір ғана ірі халықаралық концерт Алматының туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, қала экономикасына да елеулі қаржы әкелген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button