Танымал актер Жахан Отарғалиев сұхбат барысында өзіне ең ауыр тиген сөз туралы ашық айтты, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы әке атана алмаса да, Құдайдан үмітін үзген емес. Актерді ең қатты күйзелткен сөз — «Қанша әйел алсаң да, бала сүйе алмадың ғой» деген тіркес болған.
Отарғалиев ораза кезінде Меккеге барып, осы сөзді айтқан адам үшін кешірім сұрағанын жеткізді.
«Раббым, ол адам менің жағдайымды білмей айтқан болар, кешіре гөр. Оның ұрпағына зияны тимесін деп тіледім. Біз кейде болмашы дүниелер үшін бір-бірімізге қиянат жасап жатамыз. Соның не қажеті бар? Бір-бірімізге мейірімді болайық», — деді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



