Жаңалықтар
«Қаңтар оқиғасы» кезінде қылмыстық топ құрды деп айыпталған Руслан Ысқақов 15 жылға сотталды
Фото: Видеодан скрин
Қаңтар оқиғасы бойынша Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовты қызмет бабын асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпты деп танып, оны 15 жыл 6 айға соттады. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды.
Бұған дейін тергеу Руслан Ысқақовтың ұзақ уақыт бойы «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобын жасырып келгенін айтып, 5 қаңтарда Алматыдағы алаңға адамдарды жинап, аттануға тапсырма бергенін растаған еді.
Еске салайық, 45 адам қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталды. Жәбірленушілердің жалпы саны – 24. Мемлекеттік құпиялардың болуына байланысты және жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін сот процестері жабық өтті.