Жаңалықтар

«Қара бетпердедегі» азамат ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне қаражат берді

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Әлішер есімді жігіттің жан тебірентер видеосы елді толқытты. Ауыр дертке шалдыққан жас жігіт «Қара бетперде киген адамнан» көмек сұрап, соңғы үмітін білдірген еді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Ол төрт жылдан бері бауырдың қатерлі ісігімен күресіп келе жатқанын, дәрігерлер жағдайының тым ауыр екенін айтқанын жеткізді. Бауырында тромб пайда болған бозбала Беларусь елінде ота жасатуы қажет екенін, оған 80 миллион теңге қажет екенін хабарлады.

Жас жігіттің хатын естіген «бетперде киген» азамат ауруханаға арнайы барып, оған күтпеген сый ұсынды.

«Мына конверттің ішінде еміңізге қажет толық қаражат бар. Ал мына кілт — өз пәтеріңіздің кілті. Бұл жаңа өмірдің бастамасы болсын», — деді ол.

Әлішер мұндай сыйға сенер-сенбесін білмей, көзіне жас алды. Ол мейірімді жанға шексіз алғысын білдіріп, тезірек сауығуға үмітті екенін айтты.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде кең таралып, мыңдаған қолданушыны тебірентті. Көпшілік «Қара маскадағы адамның» игі ісін адамгершілік пен үміттің үлгісі деп бағалады.

Back to top button