ЖаңалықтарТарих

Қара қазбаға тыйым және Ұлттық археологиялық қызмет: Депутат жаңа заңның басты жаңалықтарын бөлісті

Депутат Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы қол қойған тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғауға арналған жаңа заң жобасының басты жаңалықтарын таныстырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты, деп жазады Qandastar.kz. 

Оның айтуынша, заң тарихи ескерткіштерді сақтау және археологиялық жұмыстарды реттеудің кешенді жүйесін қалыптастырады, деді ол. Ең басты жаңашылдықтар мыналар:

  1. Лицензиялау: Археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстар үшін жеке лицензиялар енгізілді. Лицензиялар 5 жыл мерзімге беріледі, міндетті түрде ғылыми дәрежесі мен тәжірибесі бар мамандар болуы қажет. Заңбұзушылық болған жағдайда лицензия тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы мүмкін;
  2. Жер мәселесі және превентивті археология: Жер телімдері бөлінер алдында тарихи-мәдени нысандардың бар-жоғы тексеріледі, бұл бұрынғы олқылықтарды жояды;
  3. «Қара қазбаға» толық тыйым: Металіздегіштер мен іздеу техникаларын тек лицензиясы бар мамандар қолдана алады;
  4. Табылған жәдігерлердің тағдыры: Жәдігерлер «жеке» (музейлік құндылық) және «жаппай» деп бөлінеді, деді ол. Жеке жәдігерлер музейлерге тапсырылса, ғылым үшін маңызды материалдар арнайы Ұлттық депозитарийде сақталады;
  5. Цифрландыру: Археология саласында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізіледі, деді ол. Бұл жүйеде археологтар тізілімі, қазба есептері, табылған заттар, қорғау аймақтары және музей қоры туралы ақпарат бір жерде сақталады;
  6. «Өз бетінше абаттандырудан» қорғау: Тарихи ескерткіштерге зиян келтіретін әрекеттерге арнайы тыйым салынады, деді ол. Жаңа нысандар табылған сәттен бастап қорғау аймақтары белгіленеді, бюрократиялық рәсімдерді күтудің қажеті жоқ;.
  7. Ұлттық археологиялық қызмет: Құрылым қазба жұмыстарын бақылайды, есептерді талдайды және ғылыми сараптама жүргізеді, деді ол. Бұл археологиялық қызметтер нарығындағы бейберекеттілікті жоюға мүмкіндік береді.

Асхат Аймағамбетов заң тек косметикалық түзету емес, тарихымызды қорғаудың тұтас әрі жүйелі құрылымын қалыптастыратынын айтты. Сондай-ақ, ол өзінің студенттік кезіндегі археология дәрістері мен профессорлармен кездесулер тәжірибесінің жаңа заң нормаларында өз жалғасын тапқанын жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button