Әлеумет және қоғам

Қарағанды академиясында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” республикалық байқауы қорытындыланды

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында өткен республикалық байқауда “Үздік тергеуші” мен “Үздік заңгер” номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде дипломдар, наградалар және естелік сыйлықтар табыс етіліп, қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатындағы іс-шара қорытындыланды.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” республикалық слет-байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qandastar.kz. Іс-шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары С.Адилов төрағалығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, наградалар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шараға Қазтұтынуодағы университетінің проректоры, профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

“Үздік тергеуші” байқауының қорытындысы бойынша:

  • III орынды Түркістан облысы полиция департаменті Төлеби ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі А.Қасымов иеленді;
  • II орынды Қарағанды облысы полиция департаменті Шахтинск қаласы полиция бөлімінің аға тергеушісі Д.Сағадиев алды;
  • I орынды Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының Қостанай тобының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Б.Қустаев жеңіп шықты.

Байқауға қатысқан басқа үміткерлер де әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

“Үздік заңгер” номинациясында:

  • III орынды Қарағанды академиясының курсанты С.Тұрсын алды;
  • II орынды А.Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт студенті А.Қапасов жеңіп алды;
  • I орынды Тұран-Астана университетінің студенті К.Филиппи иеленді.

Қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру және білім беру ұйымдары мен ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында осындай байқаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz.

Back to top button