Қарағанды облысында 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ер адам жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған.
2025 жылғы 23 желтоқсанда шамамен сағат 11:00-де іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады. Көлік Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылы бағыты бойынша, таулардың ортасындағы дала жолынан табылған. Автокөлік қарға көміліп қалған. Автокөлік салонын тексеру кезінде көліктен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.



