Жаңалықтар
Қарағанды облысында мешіт түгі қалмай өртеніп кетті
Фото: видео скрин
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының Томар ауылында жергілікті мешіттің ғимараты толығымен қирап қалды.
Қызыл жалын түнде бос тұрған кезде тұтанған.
«Өрт ғимаратты тез шарпып, қою түтін алыстан көрінді», – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенше өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жауды жеңе алмады. Бір жақсысы, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.