Қарағанды облысында көлік аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жол апаты 18 наурызда Астана-Қарағанды-Алматы тас жолында болған.
Полиция мәліметінше, Ақшатау ауылынан 40 шақырым жерде Балқаш қаласынан Қарағандыға қарай бет алған кезде Chevrolet Cobalt көлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұзын бұрылыста көлікті басқара алмай, аударылып қалған.
Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайларын ескеруге және жылдамдық шегінен асырмауға шақырады.



