Қарағанды облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат деңгейін төмендету мақсатында бақылау шараларын күшейтті.
Енді өңір жолдарында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер, жылдамдықты өлшейтін автоматты жүйелер және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады. Бұл жүйелер жол қозғалысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.
Аталған шаралар жазалау емес, ең алдымен алдын алу сипатына ие. Негізгі мақсат – жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және адам өмірін сақтау, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов атап өткендей, аталған шаралар жазалау емес, ең алдымен алдын алу сипатында. Негізгі мақсат – жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және адам өмірін сақтау.
Полиция азаматтарға жолдағы қауіпсіздік қарапайым талаптарды орындаудан басталатынын ескертеді:
-
жылдамдық режимін қатаң сақтау;
-
қауіпсіздік белдігін тағу;
-
рөлде зейінді болу;
-
жол белгілері мен таңбалардың талаптарын мүлтіксіз орындау.
Жол қателікті кешірмейді. Әрбір жауапсыз әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Полиция азаматтарды тәртіп пен өзара құрмет қағидаларын ұстануға шақырады. Тек ортақ жауапкершілік арқылы ғана жолдар қауіпсіз болып, жол-көлік оқиғаларының саны азаяды.



