ЖаңалықтарСпорт

Қарағанды облысының әкімі спорт федерациясын басқаратын болды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Енді өңір басшысы «Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды, деп жазады qandastar.kz сайты.

Айта кетсек, Қараған облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған.

Сондай-ақ, облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.

Ермағанбет Бөлекпаев 2022 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып  тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button