Жаңалықтар

Қарағанды зауытындағы апат: ТЖМ өкілі зардап шеккендерге көмектесуге рұқсат етілмегенін мәлім етті

Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы төрт жұмысшы қаза тапқан апат кезінде зауыт аймағына құтқарушыларды кіргізбегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үкімет отырысында Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы оқиға сағат 04:10-да болғанын еске салды. «Өкінішке қарай, бізге хабарлама екі сағаттан кейін, яғни сағат 06:08-де келді», – деді ол. Бұл ретте вице-министр құтқарушыларды зауыт аумағына кіргізбегенін атап өтті.

«Мұндай нысандардың аумағында өздерінің жеке құтқару бөлімшелері бар, олар өзіміз апаттың алдын алып, реттейміз деп есептеді. Бірақ, шақырту түсіп, біздің құтқарушылар келді. Олар зауытқа кіргізуге міндетті еді. Зауыттың Төтенше жағдайлар министрлігі өкіледрін кіргізбеуге құқығы болмағандықтан, әкімшілік іс қозғалды. Мұндай құқық бұзушылыққа 200 АЕК (739 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төленеді» , – деді вице-министр.

Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік. Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Зардап шеккендер профессор Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Кейін 22 шілдеді Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды.

24 шілдеде зардап шеккен тағы бір жұмысшының денесін 90 пайыз күйік шалған 1999 жылы туған азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды. 25 шілдеде зауыттың 1981 және 1987 жылы туған тағы екі қызметкері есін жимай ауруханада көз жұмды. Төртеуі ауыр халде екені хабарланды. Соынмен қатар Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жұмысшылардың неліктен «ГАЗель» көлігімен тасымалданғанын түсіндірсе, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та оқиғаның тергеу барысына тоқталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағандыдағы зауыттағы төтенше жағдайды тергеуді жеке бақылауына алды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close