Қарағанды қаласында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 26 наурыз күні көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері анықталған. Олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілері табылған.
Аталған факті бойынша марқұмдармен бірге тұрған 39 жастағы ер адам негізгі күдікті ретінде танылып, оған іздеу жарияланған.
Кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің денесі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан табылды. Полицияның алдын ала болжамынша, ер адам тіркелмеген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол салған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



