Жаңалықтар

Қарағандыда балық аулауға барған ерлі-зайыптының көлігі суға кетті: әйел көз жұмды

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан ерлі-зайыптының сапары қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Топар ауылында болған.

68 жастағы ер адам жұбайымен бірге көлікпен мұз үстіне шыққан сәтте, мұз жарылып, көлік суға батып кеткен. Ер адам өздігінен сыртқа шығып үлгергенімен, әйелін құтқара алмаған.

Құтқарушылар 63 жастағы әйелдің денесін бір тәулік бойы іздеп, 7 метр тереңдікте, көліктен бірнеше метр қашықтықта тапты.

Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button