Әлеумет және қоғам

Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру жұмыстары адам өлімімен аяқталды

Фото: Ашық дереккөз

1 қазан күні Қарағанды қаласында Шахтер даңғылында кәріз құбырын ауыстыру кезінде мердігер компанияның екі қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жөндеу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, мердігер компания қызметкерлерін басып қалған. Екі ер адам жер астында тұншығып қайтыс болды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі («Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қарағанды Су» компаниясы ресми түсініктемесінде жұмыстарды мердігер ұйым – ТОО «НС Система» жүргізгенін хабарлады.

– 1 қазанда учаскеде жер қазу барысында мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, – делінген компания мәлімдемесінде.

Қаза болғандарды жерлеу шығындарын «НС Система» басшылығы өз мойнына алатыны хабарлады.

Back to top button