Жаңалықтар

Қарағандыда өндірістік жарақаттанудың 106 жасырылған жағдайы анықталды

Фото:istockphoto.com

Қарағанды облысында өндірістік жарақаттанудың 106 жасырылған жағдайы анықталды. Бұл фактілер полиция мен медициналық мекемелер деректерін салыстыру барысында белгілі болды, деп жазды qandastar.kz

Мәселе облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде талқыланды. Оның айтуынша, кәсіпорындар жарақаттарды тіркеп қана қоймай, қауіпті еңбек жағдайларын жоюға да міндетті. Алайда бұл бағыттағы бақылау әлсіз күйінде қалып отыр.

Прокуратура жұмыс орындарын аттестациялау мәселесіне ерекше назар аударды. Дәл осы аттестация нәтижесінде жарақат алу қаупі жоғары аймақтар анықталып, қауіпсіздік шаралары әзірленеді. Алайда уәкілетті органдар аттестацияның қалай жүргізілетінін іс жүзінде қадағаламайтыны белгілі болды. Кейбір жағдайларда есептерді аккредиттелмеген ұйымдар дайындаған.

Мәселені шешу үшін жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бақылауға алынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close