Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қарағандыда пәтерден 38 жастағы әйел мен жасөспірім қыздың мәйіті табылды

Қарағандыда пәтерден анасы мен қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурызда Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Әйел мен 12 жастағы қызының денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар», — дейді полиция.

Күдіктінің кім екені анықталды, қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button