Жаңалықтар

Қарағандыда үш жастағы бала терезеден құлап кетті

9 маусымда 2022 жылы туған ер бала Қарағандының 19 ықшам ауданындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бала ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді. Бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, маса торына сүйеніп кеткен, алайда тор оның салмағын көтере алмаған.

Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады. Оқиғаның өзге де мән-жайлары нақтылануда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close