Жаңалықтар

Қарағандының әкімі Сәпиевтің оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  Qandastar.kz порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайды. Ермағанбет Бөлекпаев тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға берілетінін жеткізді.

«Тәртіп бұзушылық бар және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар заң талаптарына қатаң сәйкес, үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», – деді облыс әкімі аппараттық кеңес барысында.

Аймақ басшысы барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды. Ол қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс деп отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button