Танымал әнші Құралай Әбілдина келесі жылы өтетін тұсаукесер шарасына өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
Өнерпаз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бір күнде 19 қыздың тұсауын кескен сәтінен видео бөлісіп, сәбилердің алғашқы қадамына ақ батасын бергенін атап өтті.
«Алғаш қадам жасаған балалардың жолы әрдайым ашық болсын! Бүгінгі қуаныш — ертеңгі тарих. Маған осындай ерекше сәттерді нәсіп еткені үшін Аллаға шүкір. Кеше бері жұмыс нөміріме тұсаукесерге жазылу жөнінде көптеген өтініш түсіп жатыр. Сол себепті осы жазба астында қалдырылған өтініштерге сай, бұйырса, 2026 жылы тағы да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ең маңыздысы — амандық, тыныштық, береке. Жақсылықта жолығайық!» — деп жазды әнші.



