Мәдениет
Қарақат Әбілдина кітап шығарғанын айтты

Фото: видеодан скрин
Әнші Қарақат Әбілдинаның «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабы жарық көрді, — деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы ол желідегі парақшасында сүйіншіледі.
«Сүйінші ағайын!
Мерейтойдың қарсаңында “Қарақат салған қанатты ән”кітабым жарыққа шықты! Бұл кітапта жетігенмен өзім шырқаған 32 әннің мәтіні, нотасы, QR код пен аудиосы жинақталған. Бұл жинақ жетігенмен ән айтып үйренемін деген жас өнерпаздарға, музыка мектептеріне арналған оқу-құрал. Кәделеріңізге жарасын! Жетігенмен шырқалатын әндерге арналған алғашқы кітап құтты болсын, ағайын! Бұл да бір тарихи сәт!», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, биыл «Қарақат» мектеп-студиясының құрылғанына 15 жыл толды.