Танымал өнерпаз Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасынан көрсетілетін «Бәрекелді!» бағдарламасына қатысып, шығармашылық жолындағы көзқарасын ортаға vene салды, деп жазады qandastar.kz.
Бағдарлама барысында ол өзін кәсіби деңгейдегі әнші ретінде емес, орындаушы ретінде қабылдайтынын айтты. Оның пікірінше, «әнші» деген атақ кең диапазоны бар, жоғары вокалдық шеберлікті меңгерген өнер иелеріне ғана лайық. Әлемдік сахнада танылған Димаш Құдайберген секілді тұлғаларды ғана шынайы әнші деуге болады деп есептейді.
«Мен өзімді әнші емес, орындаушы деп санаймын. Даусым аса ерекше емес, қарапайым қоңыр үн. Басқалардан айырмашылығым – тыңдарманға жақын әндерді дәл таңдай білуім. Гитарамен орындаған шығармаларым халыққа тез жетті. Дегенмен, әлемдік деңгейде таныстыратын, үлкен сахналарға шығатындай вокалист емеспін», – деді Ұлықпан Жолдасов.



