Жаңалықтар

«Қардың қарқыны жаман»: Синоптик су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

«Қазгидромет» РМК гидромет орталығының директоры Марина Шмидт ауа-райындағы өзгерістерге байлысты болжамды айтты, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Алдын-ала болжам бойынша қар көп түседі. Сонымен бірге жиі жылымық болып, артынша қайта суытуы мүмкін. Осындай құбылыстар жер бетінде мұз қабатының түзілуіне әкеледі, бұл өз кезегінде су тасқыны кезінде жағдайды қиындатуы ықтимал. Әсіресе, бұл орталық және солтүстік өңірлерге қатысты. Шығыс аймақ та солардың қатарында», — деп түсіндірді «Қазгидромет» басшысы.

«Біз қазір әр облысқа жеке гидрологиялық болжам жасап жүрміз. Бұрын тек жалпы карта берілетін. Қазір әр аудан бойынша күтілетін жауын-шашын мөлшерін, температураны көрсетеміз. Сол сияқты облыстардың әрқайсысына арналған жеке гидрологиялық болжам да әзірленеді», — деді Марина Шмидт.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button