Жаңалықтар

Қарин бір палаталы парламент құру жөніндегі ұсыныстарды баяндады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдап, бір палаталы парламент құру мәселесін талқылады, деп жазды qandastar.kz

Ерлан Қарин президентке жұмыс тобының аралық нәтижелерін баяндады. Оның айтуынша, e-Otinish платформасы мен Egov сервисте арнайы «Парламенттік реформа» бөлімі іске қосылғаннан бері бір ай ішінде азаматтар мен қоғам белсенділерінен шамамен 300 ұсыныс түскен.

Сонымен қатар, «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Respublica», Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдаған. Онда бір палаталы парламенттің құрылымы, қызметі және парламенттік партиялардың өкілеттіктері бойынша ұсыныстар қамтылған. Жұмыс тобының мүшелері өз тарапынан сараптамалық материалдар әзірлеген. Қазір барлық ұсыныстар жүйеленіп, талдау кезеңінде.

Жұмыс тобының келесі отырысы 2 желтоқсанда жоспарланып отыр. Жиында ұсыныстар әр бағыт бойынша жан-жақты қарастырылады.

Мемлекет басшысы парламенттік реформаның елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болатынын атап өтіп, түскен барлық бастамаларды мұқият қарап, олардың негізінде нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button