Жаңалықтар
Карина Мамаш бұрынғы жолдасының туысын да сотқа бермек

Фото:: Tengrinews.kz
Әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жары Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Оның айтуынша, олар оған жала жауып, әлеуметтік желілерде өз келісімінсіз оның және балаларының суреттерін жариялап жүр.
Aikyn.kz жазғандай, TikTok-та жарияланған видеода Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш Каринаға қатысты “жалған айыптау” үшін арыз түсіргісі келгенін, алайда Сәкеннің өзі оған рұқсат бермегенін айтқан.
Карина Мамаш туыстарына үндеу жасап:
“Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма айтылған қорлау мен жала жабу – жай ғана хейт емес, заңбұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр. Егер бұл жалғаса берсе, тиісті органдарға жүгінемін. Сонымен қатар менің және балаларымның суреттерін келісімімсіз жарияламауыңызды талап етемін”, – деді.
Ол сондай-ақ туыстарының әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырып жатқанын айтып, қажет болса, барлық дәлелдерді сотта көрсетуге дайын екенін жеткізді.