Жаңалықтар

Қаруланып, тұрғынды қорқытқан мәслихат депутаты қамалды

Фото: ашық дереккөз

Нұра аудандық мәслихатының депутаты Серік Бекмағамбетов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Халық қалаулысы екі бап бойынша айыпталды, деп жазады qandastar.kz

Облыстық полицияның хабарлауынша, 21 қазан күні Қарағанды облысының Ахметауыл ауылында депутат 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Себеп – жәбірленуші депутаттың жолын көлікпен кескен. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады.

«Депутаттың үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар «қорқыту» және «заңсыз атыс қаруын алып жүру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жәбірленушінің барлық уәждері мұқият тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close