Қаржы және төлемдер
Қарызға инвестиция ретінде қарау қажет — министр

Фото:
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров сырттан алынатын қарызға инвестиция деп қарау қажет деген пікірде. Сөзінше, шетелден қаржы тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беріліп отыр, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
«Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады», – деді.
Сондай-ақ министр халықаралық ұйымдар Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейін «төмен» деп бағалайтынын жеткізді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz