Әлеумет және қоғам

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қысым көрсеткен «Доктор» сотқа тартылды

Фото:инстаграм

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жауап береді. Ол әлеуметтік желілерде «Доктор» деген лақап атпен танылған. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлады qandastar.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Адвокаттың айтуынша, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған. Сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев бірнеше нақты талап қойды.

– Жауапкер Әбдірахман Бауыржанды сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде TikTok әлеуметтік желісінде Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығаруды және бұл кешірім видеосын өз парақшаларында – maskarad778 және басқа да аккаунттарында кемінде 30 күн бойы ашық жариялап қоюға міндеттеуді сұраймыз, – деді адвокат.

Судья сотта жауапкерден кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын нақтылауды сұрағанда, Әбдірахман Бауыржан:

– Айтқанымды мойындаймын, – деп жауап берді.

Одан кейін судья тараптарды медиация жолымен татуласуға бола ма деп сұраған сәтте, адвокат қарсы тараптан тікелей сұрақ қойды:

– Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдып жүрсіз? – деген сұраққа жауапкер былай деп түсініктеме берді:

– Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. (…) Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталушылардан түсетін моральдық өтемақының ақшасын балалар үйіне беретінін айтқан еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close