ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиенің мөлшерлемесін бекітті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірге 2026 жылғы 1 шілдеге дейін несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары деңгейін бекітті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Qazaqtoday  парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттік белгілеген шектер несие түріне қарай әртүрлі.

Кепілсіз банктік несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспайды.

Кепілді несие үшін шекті мөлшерлеме 35% деңгейінде қалды.

Микронесиелерге де 46% шегі қолданылды.

Ал сомасы 45 айлық есептік көрсеткішке дейін және мерзімі 45 күнге дейінгі микронесие бойынша күндік сыйақы 0,3%-дан жоғары болмайды. Бұл санаттағы қарыздардың жылдық шекті мөлшерлемесі 179% болып бекіді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button