Жаңалықтар
Қаржы пирамидалары қазақстандықтарға 20 млрд шығын келтірді
Фото: © Pixabay/schuldnerhilfe
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасын құру деректері бойынша 57 қылмыстық істі қарап шықты. Нәтижесінде 20 млрд теңгеге жуық шығын анықталып отыр, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Шығынның 12 млрд теңгеден астамы өтелген. Агенттік жуырда Алматыда тергелген HitBeatMusic пирамидасын мысалға келтіреді. Аталған пирамида Канададағы музыкалық инвестициялық жобаның ірі акциясына иелік етеміз деп көрсеткен.
«Салымшыларды осылайша құрыққа түсіріп, акцияны сылтауратқан, қаражатын тартқан. Оларға салынған сомадан 10-15%-ға дейін кіріс беруді уәде еткен. Шығын көлемі – 255 млн теңге. Сот үкімімен ұсталғандар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», – деп атап өтті ҚМА.
Агенттік алаяқтардан сақ болуға шақырады. Тұзаққа түспес үшін қаржы пирамидасының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін телеграм-ботты да іске қосқанын хабарлайды. Сонымен қатар ведомство сайтында алаяқтыққа қатысы болған компаниялардың тізімі тіркеулі.