Ақмола облысында бір жыл бұрын 700 млн теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінген Альмира Ибраева Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz
2020 жылдың қарашасында Ибраева бірнеше шенеунікпен бірге қамауға алынғаны хабарланған. Бұл тағайындау Қосшы тұрғындарының оның мемлекеттік қызметке қалай қайта оралғаны жөніндегі сұрақтарын туғызды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті Ибраеваның аттестаттаудың барлық кезеңінен сәтті өткенін мәлімдеді. Департаменттің айтуынша, оның ісі 2021 жылы «қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты» тоқтатылған, сондықтан мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ешқандай шектеу болмаған.



