Жаңалықтар
Қаржылық сауаты бар қазақстандықтардың үлесі – 40,5 пайыз
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов жыл сайын қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы бойынша сауалнама жүргізілетінін мәлімдеді.
«Қазіргі кезде банктерде, микроқаржы ұйымдарында, коллекторлық агенттіктердегі қарыз алушылардың саны 1 млн 600 мыңның көлемінде. Біз енді жыл сайын проблемалық қарыз алушылармен, банктермен, микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір халықтың қаржылық сауаттылықты арттыру – агенттіктің маңызды бағыттарының бірі. Бізде жыл сайын социологиялық сауалнама жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша қаржылық сауаттылығы бар халықтың үлесі қазіргі кезде 40,5 пайызды құрады. Бұл біздің нақты көрсеткішіміз болды, біз оған қол жеткіздік. Екіншіден, 2021 жылдан 2024 жылға дейін агенттік өз тарапынан 550 оқыту курсын өткізіп, 53 мың адам оқытудан өтті», – деді Олжас Қизатов.