ЖаңалықтарШоу бизнес

«Қас жауым мақсатына жетпеді: Индира Елемес үй дауына нүкте қойылғанын хабарлады

Президенттен үй мәселесіне байланысты көмек сұраған белгілі әнші Индира Елемес  жаңалық жариялады. Әншінің айтуынша, бірнеше айға созылған үй дауы толықтай өз шешімін тауып, әділдік жеңген, деп жазады  qandastar.kz

Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында отбасына ұзақ уақыт қысым көрсетіліп, үйлерін заңсыз тартып алмақ болған адамдар болғанын айтты.

“Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым. Сен маған барлық қолыңнан келген зияныңды тигіздің, бірақ мақсатыңа жетпедің! Біздің отбасымыз бірнеше ай бойы үйімізді заңсыз тартып алмақ болған адамдардың қысымына тап болды. Алайда әділдік жеңіп, барлық мәселе толықтай өз шешімін тапты”, – деп жазды ол.

Әнші бұл күрделі жағдайдың оң шешілуіне көмек көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

“Құжаттарды реттеу, заңды процестерді бақылау және жағдайды кәсіби түрде басқару жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Соның арқасында біз үйімізді ресми түрде өз атымызға заңды негізде қайта алдық”, – деді Индира.

Сонымен қатар әнші ауыр сәтте жанынан табылған анасына, құрбысы Алияға, інісі Нұрғазыға және өзін Рамазан Бүлбүлмен байланыстырған Мурат Бейге алғысын білдірді.Жазбасын ол жүрек ауыртарлық сөзбен қорытындылады.

“Ең жақын адамым қас жауым болып шықты”, — деп жазды әнші парақшасында.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button