2026 жылғы 5 наурыз сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 493,36 теңгені құрап, 6,13 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы да төмендеп, 6,26 теңге болды (–0,16). Ал Қытай юанінің бағамы 71,77 теңгені құрап, 0,5 теңгеге арзандады.
Айырбастау пункттерінде долларды 491,7–494,6 теңге аралығында сатып алып, сатуға болады. Еуро бағамы 572,5–578,4 теңге аралығында болса, рубль 6,28–6,41 теңге шамасында саудалануда.
Сонымен қатар 5 наурыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 2,96%-ға қымбаттап, баррелі 83,81 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстері 3,43%-ға өсіп, баррелі 77,22 доллар болды.
Бұған дейін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 499,83 теңге, еуроны 581,5 теңге, ал рубльді 6,42 теңге деңгейінде белгілеген еді.



