Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Кәсіпкер Айдын Рахымбаев 300 балаға тегін ота жасататын болды

Фото: facebook/rakhimbaev
BI Group холдингінің басқарма төрағасы Айдын Рахымбаев 300 бала тегін ота жасатпақ, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпкердің айтуынша, шетелден 28 білікті хирург Қазақстанға шетелден шақырылып, елімізде сирек жасалатын 300 ота жасалады.
Жоба аясында көпбалалы отбасының қызы Аружан алғаш рет 10 жылдан кейін өз аяғымен жүре бастады.
Бұған дейін тіпті төсекте жата алмай, тек жартылай отырғыш күйде ұйықтайтын. Қымбат операцияны жасатуға отбасының шамасы жетпейді. Шетелден келген маман заманауи әдіспен сүйек ішіне баламен бірге өсетін арнайы штифт орнатты.
Қазір Аружан ақырындап далада ойнап жүр, ал болашақта дәрігер болуды армандайды.