ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Кәсіпкерлер дабыл қақты: Астанада сауда орталықтарындағы дүкендер жаппай жабылып жатыр

Астанада сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендердің жабылуы жиілеп келеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Аstana__press парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, кіріс айтарлықтай төмендеген, ал жалдау ақысының қымбаттығы дүкендерден түсетін табысты азайтып отыр.

Әлеуметтік желілерде әртүрлі сауда орталықтарынан түсірілген видеолар жарияланып, бос тұрған витриналар мен жабылған дүкендер көрініс табады. Бизнесмендер сатып алушылар белсенділігінің бұрынғыдай еместігін және дағдарыс салдарынан көптеген сауда нүктелерінің шығынға жұмыс істеп, мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатып жатқандарын да атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button