Жаңалықтар
Кәсіпорын басшылығы мемлекеттік көліктерді сатып жіберген
Фото: aikyn.kz
Жамбыл облысында «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Талас аудандық прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі көліктерді ұрлау схемасын анықтады. Кәсіпорын басшылығы жалған құжат негізінде 4 автокөлікті сатуға шығармай үшінші тұлғаларға сатып жіберген, – делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 миллион теңгені құрады.
Іс аясында қадағалау органы 10 миллион теңге көлеміндегі 2 көлікті қайтарып, 7 миллион теңге өндіріп алғаны хабарланды.
Талас аудандық сотының 2024 жылдың 13 маусымындағы үкімімен «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген ведомство хабарламасында.