Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қаскелеңде ер адам әйелі мен анасын ажыраспақ болғаны үшін ұрған

Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласында  орын алған оқиға талқыланып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қалада асаба ретінде танымал ер адам ажырасу процесінде жүрген жұбайының үйіне заңсыз кірген. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Instagram желісіндегі Jagdaikz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған мәліметке сәйкес, туындаған жанжал салдарынан әйел адам мен оның анасы зардап шеккен. Сондай-ақ интернетте оқиғаның салдары, ер адамның зорлығы көрсетілген бейнежазба да жарияланған.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме берілген жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button