Алматыда жаңа мүсінше пайда болады. Қала тұрғындары оның суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Shyndyk.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа «қол» әртүрлі пікір туғызды. Біреулер күлсе, енді біреулер оны сыбайлас жемқорлыққа байланысты нысан деп ойлайтынын ашық айтты.
Желі қолданушылары «Салық басқармасының төбесіне жақсы көрініп тұрар еді», «Шапалақ беруге жақсы екен», «Kaspi Alaqan осы ма?», «О, Қатар әмірінің қолы сияқты. Тек Қатарда ол жемқорлық жоқтығын білдіреді» деп жазған.



