
Kaspi.kz әлеуметтік желілерде тараған “Kaspi Gold картасына жылдық қызмет көрсету 10 000 теңге болады” деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, клиенттер мен серіктестер үшін барлық тарифтер мен шарттар өзгеріссіз қалады.
Соңғы күндері желіде 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Kaspi Gold картасына қызмет көрсету мен қайта шығару құны 10 мың теңгеге өседі, сондай-ақ Kaspi Pay бағасы мен басқа банктердің карталарына аударым комиссиялары қымбаттайды деген ақпарат кең тараған.
Алайда Kaspi.kz бұл мәліметтердің жалған екенін мәлімдеді.
Компанияның түсіндіруінше, бұл — заңнамада көрсетілген шекті тарифтік мәндері бар құжаттың қате түсіндірмесінен туған қауесет.
Нақты тарифтерге ешқандай өзгеріс енгізілмеген.



