Қоғамдық талқылауда соңғы уақытта «Украина өз қауіпсіздігі үшін әрекет етіп жатыр» деген уәж жиі айтылады. Алайда картаға қарап, жағдайды сараласақ, Каспий құбыр консорциумы (КТК) бағытының әскери маңызы жоқ екені анық байқалады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Gazizaraimbeknews парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құбыр желісі бойында әскери базалар, қорғаныс өнеркәсібіне қатысты зауыттар немесе әскери инфрақұрылым нысандары орналаспаған. КҚК — таза азаматтық, экспортқа бағытталған инфрақұрылым.
Сарапшылардың пікірінше, әскери тұрғыдан алғанда оған соққы беру тиімсіз. Мұндай әрекеттер Ресей экономикасына шешуші зиян келтіре алмайды әрі Кремльдің саяси немесе әскери шешімдеріне ықпал етуі екіталай. Тіпті Ресей аумағындағы мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларына жасалған ауқымды шабуылдардың өзі соғыстың жалпы барысын өзгерткен жоқ.
Осы жағдайда басты сұрақ туындайды: нақты залалды кім тартты?
Жауап айқын — Қазақстан. Өйткені ел экономикасы КҚК бағытының тұрақты жұмысына тікелей тәуелді. Бұл маршрут арқылы қазақстандық мұнайдың негізгі бөлігі экспортқа шығарылады. Кез келген іркіліс немесе қауіп Қазақстанның экспорттық кірісіне, бюджет түсіміне және жалпы экономикалық тұрақтылығына әсер етеді.



