Жаңалықтар

Каспий құбырына жасалған шабуылды қолдаған азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беру керек — депутат

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сөзінше, Каспий құбыр консорциумының терминалына дрондар шабуылын ашық қолдау сөз бостандығы туралы конституциялық құқықтың аясынан шығып, ұлттық мүддеге қайшы келеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Atameken Business Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауды ашық қолдаған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрап отыр.

Сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды мұнай құбырлары мен басқа да инфрақұрылымды бүлдіруге шақыратын ақпаратты жариялауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button