Жаңалықтар
Каспий теңізінде жер сілкінді

Фото: istockphoto.com
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.
Жер сілкінісі 22 мамыр күні сағат 07:37-де (Қазақстан уақыты бойынша) тіркелді. Магнитудасы – 3,2.
Зілзаланың эпицентрі келесі координаттарда орналасқан: ендігі 39.50 N, бойлығы 51.76 E.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.