Жаңалықтар

Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

Фото: primeminister.kz

16 тамызда «Мөлдір әлем» жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

«Каспийдегі мөлдір әлем» жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Жобаға қатысушылардың айтуынша, ол мұнай немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін.

каспийдегі дақ

Фото: twoworldkasp

Ол Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

«Бұл енді судағы кездейсоқ «лас дақ» емес, Каспий картасындағы тұтас қара белгі», – деп хабарлады Transparent World.

Олар мұндай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің жағдайы құриды деп алаңдайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық видеограф Адай Мырзатай желідегі парақшасында Каспий теңізінің 2013 және 2025 жылдардағы күйін салыстырған бейнеролик жариялағанытуралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close