Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қасым, Жомарт, Кемел: Түркістандық келіншек үшем босанып, 10 баланың анасы атанды

Фото: ашық дереккөз

Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды, деп хабарлайды  qandastar.kz.

Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт, қызына Кемел деп ат қойған. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.

Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын, яғни, 33 аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бақыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Шала туған шақалақтардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.

«Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына  алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық»,– деді үшемнің анасы.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм.

Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазір қыздары бауырларымен қауышатын күнді асыға күтіп жүр. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close