
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп жазады qandastar.kz
«Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз», – деді президент.
Президент спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді.
Сондай-ақ, Геннадий Головкин жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екенін атап кетті.



